Елорданың аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

1086

Елорданың аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

Астананың Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бұл туралы ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында хабарлады, деп жазды "ҚазАқпарат" ХАА.

"2016 жылы 20 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Тұрлыбек Арман Алашұлы тағайындалды.

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдылұлы тағайындалды.

Астана қаласы Алматы ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейнолаұлы тағайындалды", - деп жазды ол парақшасына.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сарыарқа ауданы әкімі қызметін атқарған Павел Кулагин Президент Әкімшілігіне мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу