Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде "Ашық әкімдік" күні өтті

1070

Іс-шараға елорданың 600-ге жуық тұрғыны қатысты. 

Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде "Ашық әкімдік" күні өтті

Аудан әкімдері құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу және қосымша білім беру мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Іс-шараға елорданың 600-ге жуық тұрғыны қатысты. Әсіресе Сарыарқа ауданының әкімдігіне көп тұрғын келді. Одан кейін Алматы және Байқоңыр аудандарының әкімдіктеріне келушілер көп болды.

Бір жарым айда 230 азамат қала әкімі Алтай Көлгіновтің жеке қабылдауында болды.

Ең көп өтініштер саны 175-балаларды мектепке дайындау және балаларды балабақшаға кезекке қою, 157 тұрғын үй мәселесі, одан екі есе аз медицина, бизнесті дамыту және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жолықты. 524 өтініш бойынша мәселелер шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу