Елорданың барлық мешітінде Жамбылдағы жарылыста қаза болғандардың рухына Құран бағышталды

819

Жалпыұлттық аза тұту күні елорданың барлық мешітінде қаза болғандардың рухына арнап Құран хатым дұғасы оқылды. Сол сияқты православие шіркеулерінде марқұмдарға арнап діни іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың барлық мешітінде Жамбылдағы жарылыста қаза болғандардың рухына Құран бағышталды

"Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты барлық мешітте Құран хатым дұғасы оқылды. Жарылыс кезінде қаза тапқандарды Алла өз рахымына алсын деп дұға тілейміз. Олардың артында қалған бала-шаға, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Елімізде тыныштық болсын, мұндай төтенше жағдайлар қайталанбасын деп тілейміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде дініміздің, ұлтымыздың әртүрлі екендігіне қарамастан бірлігімізді көрсетіп жатырмыз. Біздің еліміздің құндылығы да осы", – деді "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы Нұрлан Қайырбеков.

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтандағы барлық православие шіркеуінде де жарылыс кезінде қайтыс болғандарды ерекше еске алу ғибадаттары жасалып, дұға оқылды. Елордадағы Александр Невский храмына жиналғандар Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылардың жақындарына сабыр мен шыдам тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу