Елорданың барлық сауда желісі азық-түлікпен қамтамасыз етілген

1206

Қаражаттың айналмалы тетігі азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал етеді. 

Елорданың барлық сауда желісі азық-түлікпен қамтамасыз етілген

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев қалада азық-түлікке баға тұрақты болып қалатынын айтты. Ол үшін қаражаттың айналмалы тетігі қолданылады.

"Азық-түліктің бағасы тұрақты болады. Әдетте, дағдарыс кезінде дүрбелең 3-4 күнге ғана созылады. Сол себепті, өткен жылдағыдай бағаны тұрақтандыруға және азық-түліктің қажетті мөлшерімен халықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаражаттың айналмалы тетігін іске қостық. Қаладағы сауда желілерімен келіссөздер жүргізіп, келісімшарттарға қол қойдық. Бүгінгі таңда "Магнум", "Кеңмарт", "Астықжан", "Шапағат", "Артем", "Евразия" бөлшек сауда желілері қажетті тауарлармен қамтамасыз етілген. Қобалжуға негіз жоқ. Қоймаларда азық-түлік толып тұр", - деді Ерлан Бекмырзаев.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы қаражаттың айналмалы тетігі қалай жұмыс істейтінін түсіндіре кетті.

"Қаражаттың айналмалы тетігі былтыр Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іске асырылған. Яғни, сауда желілеріне пайызсыз несие беріледі. Олар берілген ақшаны тауар алу үшін айналымға салады. Тауарды сатықаннан кейін, ақшаны мемлекетке қайтарып береді. Бұл бір жағынан бизнеске көмек болса, екінші жағынан қалада азық-түлік болуы үшін қалаға да керек. Бұл бағаны тұрақтандыруға, қажетті азық-түлікпен дүкен сөрелерін толтыруға мүмкіндік береді. Айналмалы тетікті тек азық-түлік алуға ғана жұмсауға болады", – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу