Елордада санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

525

Астанада көпірлерді, белгілерді жуу және көшелерді тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Елордада санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр Фото: gov.kz

Астанада күн райының жылынуына орай көктемгі санитарлық тазалық жұмысы басталды. Қыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланып, жуылады, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер және т.б. қоқыстан тазартылады.

Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу және т.б. жұмыс жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу