Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте толтырылу бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.
"Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күндері жұмыс істеуіне болмайды. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың болуына тыйым салынады", - делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.
Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.