Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мектеп парталарын үш есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.
Қазына қаражатын негізсіз жаратуды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтады. Мониторинг барысында дәл осы мемлекеттік мекеме партадан бөлек, орындық, А4 форматындағы қағаз бен басқа да кеңсе тауарларын бірнеше есе қымбат бағамен сатып алмақ болғаны әшкере болды. Департамент мамандарының ұсынысынан кейін білім басқармасы мемлекеттік сатып алу жоспарына 60 млн теңгеге түзету енгізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу