Елорданың білім беру мекемелерінде оқушылар үшін жазғы демалыс ұйымдастырылады

662

Осы мақсатта қала мектептерінің 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 94%-ын қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елорданың білім беру мекемелерінде оқушылар үшін жазғы демалыс ұйымдастырылады

Жазғы демалыстың барлық түрімен 176 025 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының (185 710 оқушы) жалпы санының 94%-ы қамтылатын болады.

Қала сыртындағы 2 лагерь (1440 бала), 2 шатырлы лагерь (960 бала), 2 бейінді лагерь (700 бала), 3 маусым жұмыс істейтін оқушылар сарайы жанындағы жазғы лагерь дайын.

92 мектепте 81 600 баланы қамти отырып, бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылды.

"Жыл сайын балалар ҚР БҒМ квоталарына сәйкес "Балдәурен-Щучинск", "Балдәурен-Қапшағай", "Балдәурен-Балқаш" (5-9 сыныптар), "Бөбек" (1-4 сынып) республикалық сауықтыру лагерлеріне барады. 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан (185 710 оқушы) 51 847 баланы (28%) қамтитын 4 бағыт бойынша жұмыспен қамту жоспарланып отыр", – деп Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті.

Балалар бірнеше бағыт бойынша жұмыспен қамтылады:

- Tңбек: "Жасыл ел" көгалдандыру бригадасы, экологиялық лагерлер (2 860 бала);
- Шығармашылық: түрлі мекемелердегі қызығушылықтар бойынша клубтар мен үйірмелер, 28 аула клубы (35 216 бала);
- Cпорттық-туристік: "Дидарлы жаз", "Айбынды маусым" лагерьлерінің жалпы білім беретін мектептерінің залдарында және спорт алаңдарында, туристік сапарларына, экспедицияларға (археологиялық, экологиялық, өлкетану) қатысу. Бұл ретте 1 755 бала тегін қамтылады;
- Зияткерлік: "Жас Ұлан", "Жас қыран" мүшелерінің көшбасшылар активінің жазғы мектептері, жазғы тілдік мектептер, дебат лагерлері (12 016 бала).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу