Елорданың елдімекендерінде хоккей корттары ашылды

756

Қала әкімі Алтай Көлгінов елорда аудандарының аулалық аумақтары қалай өзгергенін тексерді. 

Елорданың елдімекендерінде хоккей корттары ашылды

Үркер елдімекенінде (201 көшесі, Есіл ауданы) әмбебап алаң ашылды, яғни футбол алаңын жылдың суық мезгілінде хоккей кортына ауыстыруға болады. Бұл кортта балалар хоккей ойнап қана қоймай, конькимен де сырғанай алады. Сондай-ақ тренажерлер орнатылып, workout аймағын жабдықталды, деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.

Әрбір осындай кешен инклюзивтік элементтермен жабдықталған - ерекше қажеттіліктері бар балалар алаңдарда ойнап, спортпен шұғылдана алады. "Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында азаматтарды бұқаралық спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аула спортынан басталады. Балалар бос уақытында футбол, хоккей ойнауға, конькимен сырғанауға мүмкіндік алуы үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалуға тиіс. Аулалардың көрінісі мен не болуы қажеттігі туралы тұрғындармен келісе отырып шешіледі. Қоғамдық кеңістікті тұрғындардың пікірін ескере отырып дамытатын боламыз! Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырамыз", - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, мұндай алаңдар Гете көшесі, 10 (Сарыарқа ауданы) және Өндіріс елдімекенінде (Байқоңыр ауданы) орнатылды. Бұл жобалар "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп іске асырылды. "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов алаңдарды күтіп ұстау керектігін атап өтті.

Кездесуде тұрғындар балалар алаңын орнатуға бөлінген қаражат үшін "Самұрық-Қазына" қорына алғыстарын білдірді. Балаларға баскетбол, волейбол және футбол доптары берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу