Елорданың ең жас суретшісі айқындалды

1083

Елорданың ең жас суретшісі айқындалды

Қалалық жас суретшілер байқауының жеңімпаздары анықталды, оған 77 жас суретші қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Біздің Отанымыз - Мәңгілік Қазақстан"  жас суретшілер  конкурсы  қаладағы көркемөнер мектебінің оқушылары арасында өткізілді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен байқауды Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.

"Жыл сайын өткізілетін қалалық байқаудың мақсаты-жас ұрпақтарды патриоттық рухта тәрбиелеу, таланатты балаларға қолдау көрсету және оларды ынталандыру арқылы шығармашылығын дамыту, жаңа жасампаз идеяларды іске асыруға себепкер болу", - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Шығармашылық байқауға түрлі жас санаттарында қаланың 77 жас суретші өнер мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурстың ең жас жеңімпазы   - 9 жасар Адина Намазалы. Тағы бір жеңімпазы  Сатывалдеева Ақмарал - 11 жаста.

Жасөспірімдер тобындағы Әубәкірова Жақет, Матьевич Татьяна жоғары санатты жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу