Елорданың ескі атауы бар ресми құжаттар заңдық күшін жоғалтпайды

1684

ХҚО-ға барып, өзгертудің қажеті жоқ. Құжаттың қолдану мерзімі біткен соң, жаңа құжат жаңа қала атауымен беріледі.

Елорданың ескі атауы бар ресми құжаттар заңдық күшін жоғалтпайды

Елорданың негізгі нысандары өз атауын сақтап қалады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы сөзінде елорда атауын өзгертуге нақты негіздеме келтіргенін атап өтті.

"Астананың атауын өзгерту өзгелер ойлағандай радикалды түрде жүргізілмейді. Ең алдымен әкімдік мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмейтін жолды таңдайды. Ешкім баннерлер мен жазбаларды бір күнде өзгерт деп отырған жоқ. Бұлай болмайды. Қаланың негізгі нысандары – "Астана Опера", "Астана Арена", спорттық клубар, "Астана" телеарнасы өз атауын өзгертпейді. "Астана" халықаралық брендін сақтап қаламыз",– деді Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында.

Оның айтуынша, Астана қаржы орталығы, "Эйр-Астана" әуе компаниясы, "Астана" велокомандасы, "Астана Арланс" атаулары да өзгеріссіз қалады. Осылайша, әлемге танымал "Астана" брендін сақтап, зор әлеуеті бар жаңа Нұр-Сұлтан брендін дамыту керек.

"Астана" сөзі біз үшін ыңғайлы. Себебі оның мағынасы да астананы білдіреді. Мемлекеттік тілде елорда тұрғындарын астаналықтар деп атай береміз. Орыс тілінде де осылай атауды ұсынамыз. Сосын елорданың ескі атауы бар ресми құжаттар заңдық күшін жоғалтпайды. ХҚО-ға барып, өзгертудің қажеті жоқ. Құжаттың қолдану мерзімі біткен соң, жаңа құжат жаңа қала атауымен беріледі", – деді министр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу