Елорданың инвестициялық және несиелік әлеуеті жақсы деп бағаланды

605

Елорданың инвестициялық және несиелік әлеуеті жақсы деп бағаланды

Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын "жағымды" деп өзгертті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растады.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: "ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы". Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу