Елорданың қақ ортасында газ баллонын жармақ болған жігіт жазаланды

863

"Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елорданың қақ ортасында газ баллонын жармақ болған жігіт жазаланды Фото: sputniknews.kz

Астананың қақ ортасында газ баллонын жармақшы болған ер адам ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды, деп жазады Интерфакс – Қазақстан.

Астана қаласы полиция департаментінің  баспасөз қызметі "Қазмедиаорталық" ғимаратының алдында наразылық акциясын ұйымдастырған жас жігіттің ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Қоғамдық тәртіпті бұзушыны ұстағаннан кейін, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ұсталған азамат АҚК-ның 1-б. 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды",­ – делінген  хабараламада.         

Полиция ұсталған адамның көтеріп отырған мәселесі Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарына қатысты екенін, наразылық білдіруге себеп болған бұл мәселелермен солар айналысатынын айтты.          

Еске сала кетсек, ақпанның 20-ы күні Жамбыл облысынан келген жас жігіт "Қазмедиаорталық" ғимаратының алдында наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. Газ баллонын ұстап алған ол көп жылдан бері жер учаскесін ала алмай жүргенін айтып, жанына жақындамауды сұраған. Полицейлер ғимаратты қоршауға алып, көп кешіктірмей құқықбұзушыны құрықтады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу