Елорданың қоғамдық көліктерінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

961

Жүргізушілер соңғы аялдамаларда автобустардың ішін тазалап, С-01 ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Елорданың қоғамдық көліктерінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтанда автобустарда адам қолы тиетін жерлерді: шынтақшаларды, есік тұтқаларын, орындықтар мен валидаторларды С-01 ерітіндісімен дезинфекциялап жатыр, деп хабарлады әкімдіктен.

"Бұл дезинфекциялық ерітінді аллергияны тудырмайды және ешқандай иіс шығармайды. Сонымен қатар, автобус ішінде жолаушыларға арналған антисептиктер де бар. Ауысым аяқталғаннан кейін бағдарлар жуу орнына кіреді, онда барлығын көлік жуушылар тазартады",– деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда 14 адамнан коронавирус анықталғанын мәлім етті. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу