Елорданың коммуналдық қызметкерлері қала тұрғындарына үндеу жасады

509

Астанада ауа райы күрт өзгеріп, қарлы боранға ұласты.

Елорданың коммуналдық қызметкерлері қала тұрғындарына үндеу жасады Фото: Астана әкімдігі

Демалыс күндері жауған қар мөлшері бір жарым айлық нормадан асып түсті. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Күн сайын қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Дегенмен қар күреу жұмысына жол жиектерінде қалған немесе кірме жолдардың жанында ретсіз тұрған машиналар және т.б. кедергі келтіреді. Бұл арнайы техниканың учаскелерден өтуіне және тазалауына кедергі келтіреді.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Біз қаланың қарын мүмкіндігінше тезірек тазарту үшін күшейтілген режимде жұмыс істейміз. 
 

Осы тұста сіздер көліктеріңізді жол жиегіне қалдырмауыңызды, көліктерді дұрыс емес орындарға қоймауыңызды, өзгелердің жолын бөгемеуіңізді сұраймыз, өйткені осы себепті арнайы техника бұл учаскелерді емін-еркін тазалай алмайды. Мұның бәрі қар күреу жұмысын қиындатады және істі баяулатады", – деді коммуналдық қызметкерлер астаналықтарға.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, айлық норма 22 мм болса, Астанада соңғы бірнеше күнде ғана 37,6 мм қар жауды. 17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 1600-ден астам немесе 1671 қар жүк көлігі. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу