Елорданың көпбалалы аналары қолөнер бойынша тегін оқудан өтеді

1022

Аталмыш іс-шараға қолөнерді үйренгісі келген көпбалалы аналардың бәрі қатыса алады.

Елорданың көпбалалы аналары қолөнер бойынша тегін оқудан өтеді

Нұр-Сұлтанда қала әкімдігінің қолдауымен "Асыл ана" әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба аясында 6, 7, 8, 9 маусым күндері көпбалалы аналарға тігіншілікке, қолданбалы өнерге үйрететін тегін шеберлік сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Аталмыш іс-шараға қолөнерді үйренгісі келген көпбалалы аналардың бәрі қатыса алады. Өз кезегінде қатысушылар тарапынан талпыныс, өз бетінше табыс табуға ұмтылу және табысты әйелдер қатарында болуға деген ынта-жігер талап етіледі", – деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Тренинг барысында пайдалы білім алған көпбалалы аналар елорда күні мерекесіне арналған "Асыл ана" байқауына қатыса алады. Ол 15 маусымда өтеді. Байқауға қатысушылар көрмеде өз бұйымдарын жұртшылыққа ұсынады, ал жеңімпаздар дипломдар мен тігін машиналары секілді бағалы сыйлықтарға ие болады.

Шеберлік сабақтарына қатысу туралы сауалдарға 8775 9976866, 87758604141 нөмірлерінен жауап алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу