Елорда көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

492

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.

Елорда көшелерінің бірінде көлік қозғалысы шектеледі Фото: gov.kz

Астананың көшелерінің бірінде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, LRT желісі құрылысының аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен "Қазақстан" ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Осыған байланысты 10 шілдеден бастап 15 тамызға дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында "Қазақстан" ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу