Елорданың медицина мекемелеріне коронавирусты емдеуге арналған жабдықтар түсті

481

1 аптада елордаға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті 80 тонна дәрі әкелінді. 

Елорданың медицина мекемелеріне коронавирусты емдеуге арналған жабдықтар түсті

Елорда ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Әкімдіктің хабарлауынша, 150 флуометр, сондай-ақ 350-ден астам оттегі концентраторы, өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат таяу күндері келіп түседі.

Қала әкімі Алтай Көлгінов емхана мен ауруханадардың бас дәрігерлерімен онлайн жиналыс өткізді. Медицина қызметкерлері қалада қатаң карантин шаралары енгізілгеннен бастап, дәрігерлер мен медицина мекемелеріне жүктеме азайғанын атап өтті. Мысалы, жедел жәрдем станциясына түсетін шақыру саны 3 мыңнан 1 300-ге дейін, екі есе азайған.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейтуді жалғастыру қажетін атап өтті. Себебі науқастардың 60%-дан астамы бірінші кезекте қаладағы емханаларға жүгінеді. Жұқпалы аурулар стационарларының
дәрігерлері телемедицина құралдарын пайдалана отырып, Covid-19-бен күресуде өз тәжірибелерімен алмасуда. Сондай-ақ телемедицина аясында онлайн-консультациялар өткізу жалғасуда. Медицина қызметкерлері жоспарлы емдеуге жатуы керек науқастардың денсаулық жағдайын қадағалауда, қажет болған жағдайда емдеуге жатқызады.

1 аптада елордаға COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті 80 тонна дәрі әкелінді. Сондай-ақ бүгін-ертең дәрі-дәрмектердің кезекті партиясы жеткізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу