Бүгін елорданың барлық білім беру ұйымында елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен "Күй күмбірі" атты домбырашылар челленджі өтті, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім алушылардың рухани мәдениетін, эстетикалық, патриоттық рухын арттыру, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған челленджге қаланың 127 білім беру мекемесінен, 3000-нан аса домбырашы қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу