Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сатуды шектеу ұсынылды

553

Себебі Нұр-Сұлтанда түнгі клубтар мен караоке-барларда қоғамдық тәртіп бұзу, қылмыстық әрекеттер көбейіп кеткен. 

Елорданың ойын-сауық орындарында ішімдік сатуды шектеу ұсынылды

Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен елордадағы ойын-сауық және тамақтану орындарындағы санитарлық норма мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі отырыста айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, елордада караоке-бар, түнгі клуб сияқты мыңнан аса ойын-сауық орындары жұмысын жүргізіп отыр. Ал көктем-жаз мезгілдерінде көшедегі сыраханалар қосылып, олардың саны тіптен арта түседі.

"Талдау жұмыстарына сәйкес, қаладағы ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіп бұзу, қылмыстық әрекеттер көбейіп кетті. Мәселен, 14 наурыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында "Хиты ХХ века" түнгі клубының маңында болған төбелес кезінде Әшірбеков деген азаматты оң жақ жамбас тұсынан пышақтаған. Ал 31 наурыз күні таңғы сағат төрт жарымда "Золото" мейрамханасында Ахметов деген азамат сол жақ өкпе тұсынан пышақ жарақатын алған", – дейді Ғосман Жакин.

Оның айтуынша, жыл басынан бері бас қаладағы ойын-сауық орындарынан Ішкі істер органдарына 3500-ден аса шақырту түскен. Соның ішінде ең көп шақырту Алматы ауданының еншісінде екен (Алматы ауданы – 784, Сарыарқа ауданы – 647, Байқоңыр ауданы – 466, Есіл ауданы – 356).

Сондай-ақ мамандар көп қабатты тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан кейбір ойын-сауық орындары тиісті заңдылықты сақтамай, тұрғындардың тыныштығын бұзатынын айтады.

Бұл тұрғыда жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғосман Жакин қоғамдық тәртіп бұзуды азайтып, қылмыстың алдын алу үшін алдағы уақытта түнгі клубтар мен караоке-барларда, мейрамханаларда түнгі сағат 23.00-ден ертеңгі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі аралықта ішімдік сатуды белгілі бір мөлшерде тыюды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу