Астананың сол жағалауында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ең үлкен цифрлық портреті көрініс тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Портрет қазақтың ою-өрнегімен және туымен көркемделген.
Қала тұрғындары шығармашылық туынды жасау үшін бұл орынға жиі бас қосады. Атап айтқанда, Астана тұрғыны, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі Ұлжан Құлжанова портрет жанында "Көзімнің қарасы" туындысын скрипкамен орындады.
Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимацияны көрсету 16 тамызға дейін жалғасады.