Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді

279

Қатысушыларға қандай талаптар қойылады?

Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді Фото: Астана әкімдігі

Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.

Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.

Қатысу шарттары:

• Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.

• Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу