Елорданың шеткері аймақтарында спорт кешендері салына бастады

643

Қазіргі кезде үш нысанның құрылысы басталып кеткен.

Елорданың шеткері аймақтарында спорт кешендері салына бастады

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов елорданың шеткері жатқан аудандарда да спорттық инфрақұрылым дами бастағанын мәлім етті.

"Елбасының 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу тапсырмасына сәйкес, елордамыздың шет аймақтарында 4 дене шынықтыру кешенін салу көзделіп отыр. Атап айтсақ, Қараөткел (Ильинка), Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный аудандарының тұрғындары үшін спорт қолжетімді болмақ. Қазіргі кезде үш кешеннің құрылысы басталып кетті", – деді Нариман Еламанов.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасарының мәліметінше, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында отыздан астам ірі спорт нысаны қызмет етеді. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу