Елорданың шеткері аймақтарының басты мәселесі ауызсу болып тұр

776

Қаланың 25 пайыз тұрғыны шет аудандарда тұрады

Елорданың шеткері аймақтарының басты мәселесі ауызсу болып тұр

Алтай Көлгінов қаланың шет аударына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Елбасы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде елорданың шет аймақтарын дамыту бойынша тапсырма берді. Біздің қалада 16 тұрғын үй алабы бар. Онда 280 мың адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының 25% -ын құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың шет аудандарын дамытуды тапсырды. Үш жылдық кезеңге нысандардың тізімі әзірленді. Осы бойынша жұмыс жасаймыз", – деді Алтай Көлгінов.

Қаланың шеткері аймақтарының басты проблемаларының бірі – тұрғындардың 30%-ында орталық су құбыры жоқ. Өндіріс, Мичурино, Интернациональный, Көктал, Пригородный, Железнодорожный тұрғын үй алаптарының тұрғындары колонкалардан су алады. Бұған қоса, 698 көшенің 245-іне тас төселмеген.

Абаттандыру бойынша биылғы жылы 6 балалар алаңының құрылысы жүруде, ағаш отырғызу, жылы аялдамалар салу және гүлзарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 42 көшені жарықтандыру, 5 ауланы абаттандыру шаралары аяқталады.

Ильинка және Лесозаводтағы үш ауысымда оқитын екі мектептің мәселесін шешу үшін жобалау жұмыстары басталды. Қаланың шет аймақтарын дамыту бағыты биылғы жылы шілде айының соңында премьер-министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында бекітілді.

Алтай Көлгінов бір ай ішінде 9 тұрғын үй алабын аралады.

Жалпы елордада 16 тұрғын үй алабы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу