Елорданың сол жағалауында жеке үйлер жаппай дератизацияланып жатыр

1081

Елорданың сол жағалауында жеке үйлер жаппай дератизацияланып жатыр

Астананың Есіл ауданындағы жеке үйлерде дератизациялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Есіл ауданы әкімдігінің мердігер ұйымы "Астаналық дезинфекция" ЖШС 28 қыркүйектен бастап жеке үйлерде жаппай дератизациялау жұмыстарын жүргізуде", - делінеді хабарламада.

Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан ауданның жер көлемі 31 179 гектарды құрайды. Оған тұрғындар қарқынды түрде жеке үй салып жатқан қала маңы массивтері де кіреді.

Айта кетейік, дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу