"Жағалау-4" (полигон 3) тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталуы керек еді, алайда құрылыс жұмыстары тек осы жылы ғана басталды, деп жазады қала әкімінің ресми сайты. Тұрғын үй кешені "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынады. Үлескерлердің саны - 262 адам.
Қазір құрылыс салушының қолында барлық қажетті құжаттар бар. Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Елорда әкімі барған екінші нысан "Жағалау-3" (30 блок) тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Қала әкімі А. Көлгіновпен кездесу барысында тұрғындар жұмыстар толық жүріп, үйдің көз алдында өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам үлескерлер бар.
Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) болды. Биылғы жылы қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 7 үй құрылысын аяқтау жоспарлануда.