Елорданың тағы екі елдімекені газға қосылды

711

Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігінде үйлерге газ қосыла бастады.  

Елорданың тағы екі елдімекені газға қосылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Тағы екі елдімекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігінде үйлерге газ қосыла бастады. Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғашқы болып қосылған - Железнодорожный елдімекені. Ол орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қараша айында қол жеткізді.

Үйлерді қосу үшін 750-ден астам тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алды. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендетілді.

Бұл елді мекен тұрғындары газ қосу үшін "Қазтрансгаз Аймақ" АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, "Парасат" СО) барып, көмек ала алады. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады. Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауап береді.

Сондай-ақ Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.

Елорданы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Газ тарту экологоияны жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғандырының өмір сүру жағдайын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Себебі көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын ойлап, 24/7 бойы үйде болып, пешті бақылау керек болмайды. Осы және өзге мәселелер туындамайды.

Астананы газдандыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Елді мекендердің бәрін кезең-кезеңмен қосамыз. Газ тарту үдерісі Мемлекет басшысының бақылауында.

Қазіргі жылыту маусымында ЖЭЦ-1 мен ЖЭЦ-2-нің бірқатар су жылытқыш қазандығын да газға ауыстырдық", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу