Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол желісін орташа жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"10-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет", – деп жазылған басқарма хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу