Астана қаласы бойынша "Үздік тауар" байқауының жеңімпаздары анықталды. Атамекен кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен конкурсқа жалпы 40-тан астам компания бағын сынауға ниет білдірген. Оның 15-і "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" номинациясына үміткер. 20 компания "Халыққа арналған үздік тауар" аталымына өтініш берген. Ал, "Үздік азық-түлік тауарына" 8 кәсіпорын қатысқан. Нәтижесінде аталған номинациялар бойынша "Астана электротехника зауыты", "Панмарт" және "Сапа нан" компаниялар үздік деп танылды. Жеңімпаздар арнайы дипломға ие болды. Сондай-ақ, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Нұржамал Бахитова, "Qazaq house" ЖШС директорының орынбасары:
"Біз осы 10 жыл көлемінде нарықтамыз. Кішігірім саудамен бастадық. Қазір үлкен нарыққа шығып жатырмыз. Сұранысқа иеміз, атамекен кәсіпкерлер ұйымының ұйымдастыруымен болып жатқан конкурске алғашқы қатысуымыз. Бірінші нәтижеміз жаман болмады. 3-ші орынға ие болдық."