Елорданың үздік жастары марапатталады

2081

Барлық аталымдар бойынша мыңға жуық өтінім келіп түскен.  

Елорданың үздік жастары марапатталады

Нұр-Сұлтанда "Елорда жастары" сыйлығына өтінімдер қабылдау аяқталды. Барлық аталымдар бойынша мыңға жуық талапкер қатысуға ынта білдірген. Әр номинация бойынша үздік үштік анықталады. Жаңадан қосылған "Ұлттық өнер" және "Үздік жастар театры" бойынша келіп түскен өтінімдер саны көп болғандықтан кеңес мүшелері 4 үміткерге, "Үздік студент" номинациясы бойынша 5 үміткерге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек "Ғылым", "Спорт", "Эстрада", "Кино және театр", "Өндірістің үздік қызметкері", "Әлеуметтік саланың үздік қызметкері", "Қазіргі заманғы шығармашылық өнер", "Жас кәсіпкер", "Жыл волонтері", "Үздік мемлекеттік қызметкер" номинациялары бойынша алдыңғы қатарлы жастарды марапаттау жоспарлануда.

Дауыс беру 6 қарашадан 26 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Ол үшін elordajastary2019.kz сайтына тіркеліп, электронды мекен-жайыңызға  келген сілтеме арқылы үміткерлерге дауыс бере аласыз.  Дауыс беруге 16 жасқа толған кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Әр номинация бойынша тек бір үміткерге, яғни жалпы саны 15 үміткерге дауыс беруге болады. Онлайн дауыс беру жалпыға құпия түрде жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсанда "Бейбітшілік және келісім сарайында" өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу