Елорданың жасыл белдеуіне 12 миллионнан астам ағаш отырғызылды

1456

Елорданың жасыл белдеуіне 12 миллионнан астам ағаш отырғызылды

Елорданың жасыл белдеуіне коммуналдық қызметкерлер 12 миллионнан астам ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Көгалдандыруды дамыту аясында жасыл белдеуді орман алқабына айналдыру міндеті қойылды. Өткен жылы мұнда 281,1 мың көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, қала көшелері мен саябақтарын көгалдандыру жалғасып жатыр. Бүгінде елордада 782 278 түп ағаш отырғызылған.

"10 саябақта – 130 458 ағаш, 98 саябақта – 40 833 ағаш; 4 желекжолда – 6 554 ағаш. Қалған 604 433 ағаш мектеп, аурухана, балабақша, жолдардың жиегі мен т.б. жерлерде орналасқан", – делінген "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының" ақпаратында.

Ведомстваның ақпаратына сәйкес, өткен жылы елорда аумағына 30737 ағаш отырғызылған.  Осы жылы 32 мың ағаш егу жоспарланғанымен, іс жүзінде 37 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бүгінгі таңда желілік саябақтың құрылысы аяқталып қалды. Онда 2945 ағаш және 48116 бұта отырғызылды. Сонымен қатар, ботаникалық бақты абаттандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. 80696 ағаш, 5 502 метр бойы ағаш қоршау мен 27 745 шаршы метр гүлзар баққа көрік беріп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу