Елшілер Жамбыл облысына инвестор тартуға көмектеседі

1342

2021 жылдың қаңтарында өңірге 11,1 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Елшілер Жамбыл облысына инвестор тартуға көмектеседі

Қазақстанның шетелдегі елшілері Жамбыл облысына инвестор тартуға көмектеседі. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, инвесторларды тарту үшін шетелдегі қазақстандық елшілермен тығыз байланыс орнату керек.

"Елшіліктерде жергілікті кәсіпкерлер үшін консультация ұйымдастырылады. Онда Жамбыл облысының қай саласына инвестиция құю керегі айтылады. Биылғы міндеттердің қатарында инвестиция көлеміндегі жеке қаражаттың үлесін арттыру да бар", - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл қаңтарда өңірге 11,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 6,5%-ға көп. 

Сондай-ақ биыл өңірде 544,2 миллиард теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу