Елсияр Қанағатов ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

505

ҚР Үстел теннисі федерациясы конференциясының шешімімен еңбегі сіңген спорт қайраткері Елсияр Қанағатов федерацияның вице-президенті лауазымына тағайындалды. 

Елсияр Қанағатов ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Аталмыш шешім жиналыс барысында бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үстел теннисі - еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Республикалық федерация балалар мен бұқаралық спорт үшін болсын, еліміздің ұлттық құрамасы үшін болсын барлық жағдайды жасап келеді. Соның арқасында біздің спортшылар халықаралық аренадағы нәтижелермен бізді неше жыл қатарынан қуантып келеді. Мұның бәрі федерацияның үздіксіз әрі қажырлы жұмысының нәтижесі. Мен өз үлесімді қосып, мұндай ауқымды қозғалыстың бір бөлігі бола алатыныма өте қуаныштымын. Федерация президенті Данияр Әбілғазинге көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің елімізде спортты дамыту - менің өмірлік, қызметтік негізгі мақсатым. Қазір тоқтап, қолда бар нәтижелерге қанағаттанатын уақыт емес, облыстық және аудандық деңгейлерде бұқаралық әрі өңірлік спортты одан әрі дамыту өте маңызды. Жақын арада біз осы спорт түрі аясында көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыра аламыз деп үміттенеміз", – деп түсіндірді Елсияр Қанағатов.

Елсияр Қанағатов - бұрын ҚР Туризм және спорт вице-министрі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған Қазақстан Республикасының спорт қайраткері. 2018 жылдан бастап Елсияр Баймұхамедұлы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт департаментін басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу