Оңтүстік Кореяға жұмысқа бармақ болғандар алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды КТК.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған елуге жуық азаматты алаяқтар алдап соғыпты. Жарнамасын әлеуметтік желіде таратқандар Оңтүстік Кореядағы белді компанияларға жұмысқа орналастырамыз деп уәде еткен, жатын орны мен тамағы тегін деп тағы қызықтырған. Осының бәрін ұйымдастыруға алдымен 900 доллар сұрапты.
Оңтүстік Кореяға жұмысқа ер-азаматтармен қатар, қыз-келіншектер де бармақ болған. Сол үшін кейбірі тіпті жұмыстан шыққан, ал енді бірі банктен несие алған. Сөйтіп, бар ақшасын шетелге апарамын дегендерге ұстатқан.
Бұл іске қазір полицейлер араласты. Алаяқтық бабымен іс қозғалып, жұрттың қаржысын қалтаға басқандардың біреуі қамауға алынды.