Елуге жуық адамды өрттен құтқарған үш сарбаз марапатталды

808

Елуге жуық адамды өрттен құтқарған үш сарбаз марапатталды

Елордада елуге жуық адамды өрттен құтқарып қалған үш сарбаз марапатталды, деп хабарлайды khabar.kz.

EXPO көрмесі қарсаңында ел ішіндегі тыныштықты күзету үшін Павлодардан шақыртылған Ержан Нейтоллаұлы көзсіз батылдығымен көзге түскен. 33 жастағы сарбаз қасындағы қос нөкерімен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болып жатқан өртті көріп, шұғыл қимылға көшкен. Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы арқасында көп тұрғын тілсіз жаудан аман қалды.

– Естіген соң жетіп келдім, көре салысымен ойланбастан, кірісіп кеттік. Кейін кішкентай балаларды шығардық. Кейін төмен түсіп келе жатсақ, алдымнан бір әйел шықты. Үйде адам қалып қойғанын айтты, барып көрсек, расымен әпкесі мүгедек екен, көтеріп алып шықтық, - дейді 55/12 әскери бөлімінің офицері  Ержан Қаниев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу