Эльвира Әзімова адам құқығы жөніндегі уәкіл болып сайланды

2205

Дүйсенбіде Қазақстан парламенті сенатының пленарлық отырысында Эльвира Әзімова адам құқығы жөніндегі уәкіл болып сайланды.

Эльвира Әзімова адам құқығы жөніндегі уәкіл болып сайланды

Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "адам құқығы жөніндегі уәкіл қызметінен Асқар Шәкіров босатылып, Эльвира Әзімова тағайындалсын" деген ұсынысын оқыды. 

Бұрынғы омбудсмен Шәкіров тамыз айында сенат депутаты болып тағайындалған еді.

46 жастағы Әзімова 1996-2013 жылдары ҚР әділет министрлігінің жүйесінде жетекші кеңесші, бас кеңесші және маман, орынбасар және басқарма басшысы, сонымен қатар ҚР халықаралық қызметін нормативтік қамтамасыз ету департаметінің директоры болған. 2013 жылдан бері ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарып келген. 

Айта кетсек, Конституцияға сәйкес, сенат адам құқығы жөніндегі уәкілді Президенттің ұсынысы бойынша 5 жылға бекітеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу