ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен шұғыл көмек саласындағы америкалық маман, профессор Михаэль Дрешер №2 қалалық балалар ауруханасында түнгі тексеру жүргізді. Тексеру Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілді, деп хабарлайды abctv.kz.
Тікелей көрсетілім 26 минут жүргізілді. Осы уақытта олар кабинеттерді аралап, соның ішінде қабылдау бөлімін де көрді, дәрігерлермен әңгімелесті. Министр жұмыс жүргізуді ұйымдастыруды сынға алды. Күзетшілердің киімін де сынап өтті.
"Қаңғыбастарға ұқсайды" деген шағым да болды ғой. Бұл ұят. Мен түсінемін, сіздерде зейнеткерлерді жұмыспен қамтып жатыр, бірақ бұл балалар ауруханасы. Сырт келбет болуы керек. Қойма күзетіп жатқан сияқтысыздар", - деді Біртанов.
Елжан Біртанов дәрігерлердің еңбегіне мақтау айтты, олардың жұмысқа берілгендігі мен жауапкершілігінің жоғары екенін атап өтті.
Жалпы, ауруханаға тәулігіне 400-дей адам жүгінеді. Олардың 30 пайызы ғана жедел жәрдем көлігімен жеткізіледі.