ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, медициналық мекемелерге қатысты жаңа заңдық құжат бір айдың ішінде қабылдануы тиіс. Үкімет аталған бастаманы қолдады. Соған сәйкес кейбір емдеу мекемелерін біріктіріп, әкімшілік штатты қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды elorda.info.
"Нормативке сәйкес, монобейінді, яғни бір саламен шектелетін ауруxаналарды салуға рұқсат берілмейді. Ондай мекемелерді тек үлкен ауруxаналардың бөлімшесі ретінде ғана тұрғызуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарға келер болсақ, біз жергілікті органдармен бірлесе отырып, бір-біріне жақын тұрған медициналық мекемелерді қосу арқылы мультибейінді ауруxаналарды құруға басымдық беретін боламыз. Жылдың аяғына дейін инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекітеміз де, 1 қаңтарда тиісті шараларды бастаймыз", — дейді Біртанов.
Айта кеткен жөн, үкімет отырысында министр ауруxаналарды қосқанда әкімшілік аппаратты қысқартып, жыл сайын 10,7 млрд теңгеге дейін бюджет қаражатын үнемдеуге болатынын жеткізген. Ол ақшаға қарпайым дәрігерлердің жалақысын көтеруге болады.