Елжан Біртанов дәрігерге қолданылған жазамен келіспейді

987

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтауда қамауға алынған балалар дәрігеріне кесілген жазаны тым әділетсіз деп санайды. 

 Елжан Біртанов дәрігерге қолданылған жазамен келіспейді

Фейсбуктегі жазбасында министр бұл жағдайдың Мемлекет басшысының медицина қызметкерінің мәртебесін өсіру керек деген тапсырмасына қайшы келетінін жеткізген.

Еске салсақ, Ақтаудағы атақты балалар хирургы Насуқан Отарғазиев ауруханада кезегін ұзақ күткен науқаспен дауласып қалған. Тәртіп сақшылары шағымданған әйелдің арызын қанағаттандырып, дәрігерді әкімшілік жауапқа тартқан болатын. Нәтижесінде ақ халатты қызметкер 1 тәулікке қамалған.

"Өзінің кәсіби міндетін орындап, осындай жағдайға түскен дәрігердің жазасын тым өрескел және әділетсіз деп есептеймін. Видеожазбада оның кінәлі екені анық байқалмайды. Тіпті кінәсі дәлелденгеннің өзінде, бұл арада тәртіптік сөгіспен мәселені шешуге болар еді. Айыппұл салса да болар еді",– деп жазды Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу