Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

926

Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Елжан Амантайұлы Біртанов 1971 жылғы 18 қазанда Жамбыл қаласында дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық  білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін,  Duke University, Fugua  School of Business (АҚШ),  Global Executive МВА магистратурасын бітірді.

Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтауды дамыту институты" РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, "Ұлттық  медициналық  холдинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, "Ұлттық  медициналық  холдинг" АҚ басқарма төрағасы  болып жұмыс істеді.

2014 жылғы мамырдан бастап  – Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы; 2015 жылғы 12 қарашадан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды,

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу