Адвокат Серік Сағалиевтің айтуынша, бұрынғы шенеунік "әлі ауырып жатыр". Сол себепті де ол судьядан істі қарауды кейінге шегеруді сұраған болатын.
"Келесі сот отырысы 10 қаңтар күні сағат 10:00-де жалғасады", - деді судья Айбек Әмірғалиев.
Осыған дейін де апелляциялық сот отырысы кейінге шегерілген болатын. Экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің сөзінше, экс-министр сырқаттанып қалған.
Еске салайық, сот үкімі бойынша Елжан Біртановқа 5 жыл мерзімге, оның орынбасары Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу