Елжан Біртанов: Кореяға баруға болмайды

636

Денсаулық сақтау министрлігі 4 мемлекетпен қарым-қатынасты азайтуды ұсынып отыр.

Елжан Біртанов: Кореяға баруға болмайды

Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония елдерімен байланысты азайту керек. Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоаралық комиссияға осындай шара ұсынбақшы.

"Басқа мемлекеттер бойынша бүгін ведомствоаралық штаб отырысы болады. Біздің ұсынысымыз Корея, Италия, Иран және Жапония мемлекеттермен қарым-қатынасты төмендетіп, ұшақтар мен жолаушы тасымалын азайту керек. Оның себебі осы мемлекеттерде соңғы үш күнде коронавирус инфекциясымен ауру көбейіп келе жатыр. Біздің азаматтарға тағы да айтам, Әсіресе Кореяға баратындарға, қазір баруға болмайды. Өте қауіпті жағдай", – деген ведомство басшысы Кореяда жұмыс істеп жүрген отандастарымызға елге қайту үшін мүмкіндік беру керек деп санайтынын айтты.

"Кореяда заңсыз жұмыс істеп жатқан отандастарымыздың мәселесін де ведомствоаралық комиссияда қараймыз. Мұны біз білеміз. Біздің азаматтарымыз көп. Емделуге шыққандар,  туристік азаматтар, жұмыс істеп жатқан азаматтар бар. Мүмкіндік бойынша елге қайтуға мүмкіндік беруіміз қажет. Бірақ барлық азаматтар толық тексерілетін болады", – деді Елжан Біртанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу