Елжан Біртанов Нью-Йоркте баяндама жасады

805

Нью-Йоркте жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз етуге арналған саяси декларация қабылданды.

Елжан Біртанов Нью-Йоркте баяндама жасады

БҰҰ-ның  Нью-Йоркте өтіп жатқан 74-ші Бас Ассамблеясы аясында Бас Ассамблеяның Төрағасының  жетекшілгімен "Жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету: салауатты әлем құру бойынша бірлескен күш-жігер" мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі отырыс өтті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған жиында Жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамтуға арналған Саяси декларация қабылданды. Елжан Біртанов Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен сайд-ивентте "Жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету және тұрақты дамуға  қол жеткізуге арналған  медициналық-санитарлық алғашқы көмек" тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ-тың  Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға әлем елдерінен жүзден астам адам қатысты. Олардың ішінде халықаралық ұйымдардың көшбасшылары, БҰҰ-ға мүше елдердің денсаулық сақтау және сыртқы істер министрлері, ғалымдар, осы саладағы сарапшылар болды.

Отырыста ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор, Халықаралық Электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулинь, АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Алекс Азар және Дүниежүзілік Банктің Денсаулық сақтау, тамақтану және халықты  қоныстандыру мәселелері жөніндегі жаһандық секторының директоры Мухаммад Али Пате сөз сөйледі.

"Бүгін қабылданған ЖДСҚҚ (жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамтамыз ету) бойынша жаңа саяси декларацияда МСАК адамдардың дене және психикалық денсаулығын, әлеуметтік әл-ауқаттын  жақсартатын инклюзивтік, тиімді және пәрменді тәсіл деп жазылған. Сонымен қатар, Алматы және Астана декларациясы бойынша  МСАК жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету  және тұрақты дамудың  іргетасы ", – деді Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу