Елжан Біртанов Павлодардағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

926

Дәрігерлер кардиологиялық орталықтың қалалық ауруханаға қосылуына наразы. 

Елжан Біртанов Павлодардағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

Осыған байланысты Павлодарға Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы арнайы барып, мәселенің мән-жайын тексереді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.

"Біз бұл жағдайды шешетін боламыз. Келесі аптада Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы сол жерге барады. Бірақ науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен технологиялық деңгейінің төмендеуіне жол бермейтінімізді бірден айтқым келеді! Медицина қызметкерлерінің ешқайсысы қысым көрмейді!", – деп жазды Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында дәрігерлердің шағымына қатысты.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өткен аптада павлодарлық кардиолог-дәрігерлер денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа облыстық кардиологиялық орталықтың мәртебесін сақтап қалу туралы үндеу жолдағанын жазған еді.

Дәрігерлер Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен келіспейді. Қабылданған шешімге сәйкес, кардиологиялық орталық N3 қалалық аурухананың бөлімшесі ретінде жұмыс істеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу