Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

1324

Елімізде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

"ҚМА денсаулық сақтау экс-министрі мен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, "платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек болған.

"Бүгінде платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталып отыр. Орындалмаған жұмыстардың құны – 4,1 млн доллар немесе 1,5 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 2020 жылғы маусымда бұрынғы денсаулық сақтау министрі авиация әуе кемесін жеке мақсатына пайдалану кезінде өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

"Биыл 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылғы мамыр айының басында сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартқан еді. 

Осыған дейін белгілі болғандай, Біртановты үйқамақта ұстау шарты жеңілдетілді – оған үйден сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін шығуға рұқсат етілді. 

Сондай-ақ ол коммерциялық компанияға жұмысқа орналасты.

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанын мәлімдеді.

Прокурордың айтуынша, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "платформаның жұмыс істемейтінін біле тұра" және "бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішевпен алдын ала келісу арқылы 2018 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 17 емдеу мекемесінде платформаны пилотты негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойған.

Алайда Елжан Біртановтың қорғаушылары экс-министрдің кінәсіз екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу