Елжан Біртанов үздік дәрігерлерді марапаттады

914

 Елжан Біртанов үздік дәрігерлерді марапаттады

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласының ең үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрлігінде медицина қызметкерлерінің күніне арналған "Кәсібіңе басымды ием!" салтанатты іс-шара өтті.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 11 маусымда "Медицина қызметкері күні" кәсіби мерекесін тойлау шеңберінде "2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі" республикалық конкурсы өткізілген еді. Оған республикалық конкурсқа өңірлердің денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкерлері қатысты.

"2018 жылғы Денсаулық сақтау жүйесінің үздігі" республикалық конкурсының қорытындысы шығарылып, Елжан Біртанов жеңімпаздарды марапаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу