Сотқа дейінгі тергеу процесінде Елжан Біртановты қамауда ұстау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды. Осыған дейін бұл мерзім 30 сәуірге дейін болған еді. Тергеу жалғасады, тағылған айып өзгертілген жоқ.
Бұрынғы министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко әлеуметтік желіде тараған Елжан Біртановтың суретіне қатысты пікір білдірді.
"Ол (Елжан Біртанов – автор) өзін жақсы сезінеді. Әлеуметтік желідегі тараған сурет Біртановқа тиесілі. Ол тергеу процесіне солай қатысты", - деді адвокат inbusiness.kz порталына.
Сондай-ақ Елжан Біртановқа 14 мамырға дейін жұмысқа баруына рұқсат етілді. Ол таңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істей алады.
"Мен заңға бағынатын азаматпын. Заңға қайшы әрекет жасаған емеспін. Маған жұмыс істеп, отбасымды асырау керек. Мен – дәрігермін, басқа мамандығым жоқ. Басқа салада жұмыс істеп, ақша тауып жүрген жоқпын", - деді бұрынғы басшы сотқа дейінгі тергеу процесінде.
Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында бұрынғы денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған "бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап етті" деген айып тағылды. Кейін ол соңына дейін күресуге бел буғанын мәлімдеді.
Еске салайық, Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.