Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

1181

Осы уақыт аралығында тергеу жалғасады.

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды Фото: Мария Матвиенко

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімін 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

8 маусымда мамандырылған ауданаралық тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановты үй қамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі қаралды.

Cудья Ақмарал Исаева экс-министр қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, сот Елжан Біртановты үйқамақта болу мерзімін 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзартты, әрі жұмыс істеуге,  туыстары және әріптестерімен сөйлесуіне рұқсат берді.

Айта кетейік, 2020 жылғы 30 қазанда Елжан Біртанов күдікті деп танылып, қамауға алынды. Оған "бюджет қаржысын ірі көлемде талан-таражға салды" деген айып тағылды.

6 қарашада сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырды. Экс-министрге медициналық мекемеге баруды қоспағанда, үйден шығуға, телефонмен сөйлесуге, хат-хабарлама жолдауға және байланыс құралдарын пайдалануға, сондай-ақ отбасы мүшелерінен басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салды.

2021 жылғы 21 сәуірде судья Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімін 14 мамырға дейін созды. Сот бұрынғы министрге таңғы 8.00-ден кешкі 19.00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Ол үйқамақта болуына қарамастан жұмысқа орналасқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу