Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

724

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

"Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіні үйқамақта ұстау мерзімі 2 айға, яғни 14 қарашаға дейін ұзартылды", - деді судья Талғат Ақшабаев.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр. Биылғы жылдың шілдесінде бұл шектеу тағы 2 айға ұзартылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу