София (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды.
Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі.
Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, италиялық София Раффаэли күміспен күптелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу